Екі баламды да өлтірді деп ойладым – Шерзаттың әжесі (видео)
Шерзаттың әжесі сол күні болған оқиға туралы айтты
Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Нұрымова аталмыш мәселенің анық-қанығын айтты, деп Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Есеңгіреген күйі еңбектеп барып, телефонын алайын деп жатқан кезде Жұмабиек Нұрымова келінінің құлындаған даусын естіген.
Сондай-ақ марқұм жасөспірімнің әжесі баласы Қаржаубай екеуі қазір келіспей жатқанын айтты.