"Мама, бәрін қояйық": Шерзаттың әкесі мен әжесі неге келіспей қалды? Фото Ulysmedia.kz сайтынан алынды

Шерзаттың әжесі мәселенің анық-қанығын айтты

Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Нұрымова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, үндеу жолдады, деп Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қанды оқиға болған күні балалары мен келінінің құлындаған даусын өз құлағымен естіп, көзімен көрген әже шок жағдайында не істерін білмей есеңгіреп қалғанын айтады. Жұмабике Нұрымованың сөзінше, балаларын тепкілеп жатқан жігіттерге қанша жалынса да олар ұрып-соғуды тоқтатпаған.

“Ол кішкентай нәресте ғой. Ол балапан ғой” деп алдарынан шыққанымда мені қолымнан сүйреп, құлатып тастады. Олар ішіп алған. Мен құлап жатырмын. Телефоным арғы жаққа ұшып кетті. Орнымнан тұрайын десем екі бордюрдің ортасында қалып қойыппын”, – дейді Шерзаттың әжесі.

Сондай-ақ марқұм жасөспірімнің әжесі баласы Қаржаубай екеуі қазір келіспей жатқанын айтты.

“Мама, бәрін қояйық та кете берейікші. Сіз балаларды алып кете беріңізші” дейді маған. Қайда қашып, қайда бас сауғалаймыз? Қашсақ та олар қолы ұзын адамдар, бәрібір тауып алады ғой бізді”, – дейді Жұмабике Нұрымова.

    Көп оқылды: