Ресейлік аспаз Сергей Кагилев ұлттық тағамның дәміне қатысты пікір білдірді
Аспаз Сергей Кагилев өзінің желідегі парақшасында қазақтың ұлттық тағамынан алған әсерімен бөлісіп, видео жариялады, Dopmedia.kz.
"Мен өмірімде бірінші рет бешбармақты жеп көрдім, шынымды айтсам, менде түсініксіз әсер қалдырды. Бір жағынан дәмді, иә, бірақ екінші жағынан, өте қарапайым тағам. Таңғаларлық ерекшеліктері жоқ, жай ғана жақсы сорпа, қайнатылған ет және қамыр", – дейді аспаз.
Сондай-ақ, аспаз видеода сиыр етінен дайындалған еттің бюджеттік тағам емес екенін де атап өтті.
"Бір жағынан, өте қарапайым, етті 3 сағатқа пісуге қалдырып, ұмытып кетсең болғаны, бірақ екінші жағынан, қамырмен жұмыс істеу керек. Оны илеу және жаю өте көп энергияны талап етеді, ұнмен жұмыс істеу бәрі бірдей ұнай бермейді ", – дейді аспаз.
Аспаз тағамнан толық ләззат ала алмағанын айтты.
"Бұл тағам дәмді болып көрінді, тіпті танымал дер едім, бірақ мен бұл тағамды сезіне алмадым", – дейді Сергей Кагилев.
Видео жарияланғаннан кейін аспаз өзінің видеосына түзету енгізіп, бешбармақ дайындаудың барлық қыр-сырын ескермеген болуы мүмкін екенін де мойындады.
"Видеоға жазылған пікірлерді оқып, бұл тағамның мен пісірер алдында көрген видеолардың ешқайсысында естімеген көптеген тұстары бар екенін түсіндім. Мен бешбармақты тым асығыс дайындаған екенмін, әрине, менің жасағанымды бешбармақ деуге келсе", – дейді аспаз.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)