28-жасар Жәмила ел намысын қорғап шықты
Отандасымыз Жәмила Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол 72 кг дейінгі салмақтың финалында жапон палуаны Ами Ишимен күш сынасып, аса тартысты белдесуде ұтылып қалды. Есеп: 6-10.
Бұл 28 жастағы бозкілем шеберінің ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы 4-ші медалі. Жәмила 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградта күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген.
Айта кетейік, Бақбергенова кеше Тирана төрінде молдовалық, содан соң чех және моңғолиялық қарсыласпен күш сынасып, жеңіске жеткен.
Жәмила Бақбергенованың жеке бапкері - Нұрсұлтан Теміров.