Қазақстандық файтер жаттықтырушысына сыйлық жасады
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өзінің бұрынғы жаттықтырушысына көлік сыйлады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
«Бас бапкерім Баян Жанғаловқа бүгін күн темір тұлпар сыйлауға Алла нәсіп етті», – деп жазды Шавкат Рахмонов өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетелік, Баян Жанғалов қазақстандық файтер Рахмоновты ММА-дің әуесқой лигасынан UFC промоушеніне дейін жетеледі.
Қазіргі уақытта Шавкат Рахмонов ММА-де 18-0 рекордына ие. Ол соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында америкалық Стивен Томпсонға қарсы жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын.
UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтинг бойынша қазақстандық үшінші орынға тұрақтаған.