Ерлер

Месси матч барысында көз жасына ерік берді (видео)

Месси екінші таймда ойынды тоқтатуға мәжбүр болды

«Алтын доптың» сегіз дүркін иегері Лионель Месси Аргентина мен Колумбия құрамалары арасындағы футболдан Америка кубогының финалдық матчында көзіне жасына ерік берді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Америка кубогының финалында Аргентина мен Колумбия құрамалары кездесті. Матч Майамидегі «Хард Рок» стадионында өтті.

Екінші таймның ортасында Месси аяғын қайырып алып, көгалдан әрең көтерілген болатын. Осыдан кейін Мессиді ауыстыруға тура келді. Аргентина құрамасының капитанының орнына алаңға Николас Гонсалес шықты.

Месси көз жасына ерік бере отырып, алаңнан кетті. 

Айта кетелік, АҚШ-тың Майами-Гарденс қаласында өткен финалдық ойын 1:0 есебімен аргентиналықтардың пайдасына аяқталып, Америка кубогының жеңімпазы атанды.