COPA AMERICA: Аргентина құрамасы алтыннан алқа тақты Hector Vivas/Getty Images

Аргентина құрамасы құрлықтық чемпионатта жеңіске жетті

Футболдан Америка кубогының финалдық кезеңінде Аргентина мен Колумбия құрамалары кездесті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

АҚШ-тың Майами-Гарденс қаласында өткен финалдық ойын 1:0 есебімен аргентиналықтардың пайдасына аяқталды. Жалғыз голды Аргентина құрамасының шабуылшысы Лаутаро Мартинес ойынның 112-минутында салды.

Сондай-ақ, әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси де бұл ойында өнер көрсетті. Алайда ол матчтың 64-минутында жарақат алып, ойынды әрі қарай жалғастыра алмады.

Аргентина құрамасы өз тарихынжа 16 рет Америка кубогының жеңімпазы атанды. Осылайша олар рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл кубокты ең көп ұтып алған құрамалар тізімінде екінші орында Уругвай тұр (15 кубок).