Қазақ футболының ардагеры Болат Есмагамбетов өз пікірімен бөлісті
Қазақ футболының ардагеры Болат Есмағамбетов өз пікірімен бөлісті- деп хабарлайды dopmedia.kz
"Менің ойымша, президент, спорт директоры, бас бапкер және селекция бөлімі команданың ең басты адамдары болуы қажет. Егер әркім өз ісін жауапкершілікпен атқарса, онда клуб ішінле тұрақтылық орнайды. Бірақ, қазіргі таңда сыртқы агенттер не айтса, клуб ішінде сол бойынша жұмыс жүргізілуде. Олар өз ойыншыларына маркетинг жасап, түбі осындай түсініксіз жағдайға алып келеді. Менің білуімше, клуб президенті барлық мәселелерді өзі шешіп, қабылдауы керек. Спорт директоры да белгілі бір санаты бар кәсіпқой маман болуы керек. Өкінішкеқ қарай, өз мансабымда бұл салада жүрген кезде тәжірибесі жоқ бұрынғы күзетші ретінде, клуб әкімшілігінде жұмыс істеген адамдарды көрдім. Бас бапкер клубтың селекция бөліміне де аса мән беріп, ойыншылардың ауысуы мен алмасуы тек оның келісімімен жүзеге асуы қажет. Қазір қалай? Агенттер клубтардың басына шығып алған. Бұл түбімен дұрыс емес.
Клуб ішіндегі бюджетке агенттер қалай араласа алады? Қазір клуб жетекшілері агенттердің әр ұсынысына бастарын изеп отыра беретін болған. Басшы деген тікелей клуб жұмысына араласып, қай ойыншымен келісімшарт жасасатынын білуі керек"-деді Есмағамбетов.