22 жастағы жүзгіш Олимпиадада адам сенгісіз рекорд орнатты Maddie Meyer/Getty Images

Франциялық жүзгіш бір күнде екі рекорд орнатты

Франциялық жүзгіш Леон Маршан жүзуден тұңғыш рет брасс және баттерфляй дисциплиналары бойынша Олимпиада ойындарының екі бірдей алтынын еншілеген спортшы атанды. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды. 

22 жастағы Леон Маршан брасс және баттерфляй дисциплиналары бойынша топ жарды. Сонымен бірге франциялық жүзгіш бұған дейін комплектсті жүзуден (400 метр) қатысып, Олимпиада алтынын қанжығасына байлаған.

Франциялық жүзгіш Леон Маршан бастапқыда баттерфляй (200 метр) әдісінде жүзу арқылы Олимпиада рекордын жаңартқан болатын (1:51:21), ал араға бір сағат салғаннан кейін ол 200 метрге брасс әдісінде жүзу арқылы тағы бір рекордтың мұртын бұзды (2:05:85). Осылайша франциялық спортшы бір күнде қос бірдей рекордты жаңартып, екі алтынды қаныжғасына байлады. Сонымен қатар франциялық Леон Маршан Париж Олимпиадасында үш рет топ жарған алғашқы спортшы атанды.

Айта кетейік, мұндай жетістікке жету аты аңызға айналған америкалық жүзгіш Майкл Фелпсқа да бұйырмаған. Майкл Фелпстың есебінде Олимпиаданың 23 алтын медалі (13 жекелей сында) бар. 

    Көп оқылды: