Ерлер

Ямальдың «тұрмысқа шыққан» сүйіктісі (фото)

Қыздың парақшасында тұрмыста екендігі көрсетілген

Еуро-2024 турнирінің жеңімпазы атанған Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль марапаттау рәсімінен кейін өзінің сүйіктісімен көпшіліктің көзіне түсті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

 

17 жастағы Еуропа чемпионының сүйіктісінің есімі – Алекс Падилья екен. Кейбір дереккөздердің мәлімдеуінше, қыздың әлеуметтік желідегі парақшасында оның студент екені және Барселонада оқитыны жазылған.

Бір қызығы – қыздың Tiktok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында тұрмыста екені жазылған. Осы жазбаға мән берген бірқатар жандар Ламин Ямаль мен Алекс Падилья екеуінің арасындағы қарым-қатынасты түсіне алмай, әлек болып жатыр.

Айта кетелік, Германияның Берлин қаласында өткен финалдық ойында Испания құрамасы жеңіске жетіп, Еуро-2024 турнирінің чемпионы атанған болатын.