EURO-2024: Испания құрамасы чемпион атанды Richard Pelham/Getty Images

Испания Еуропаның үздік құрамасы атанды

Еуро-2024 турнирінің финалдық кезеңінде Испания және Англия құрамалары кездесті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Германияның Берлин қаласында өткен финалдық ойында Испания құрамасы жеңіске жетіп, Еуро-2024 турнирінің чемпионы атанды.

Ойын есебін испаниялықтар ашты. Матчтың 47-минутында Испания құрамасының шабуылшысы Нико Уильямс гол соқты.

Ал ойынның 73-минутында екінші таймда алаңға шыққан Англия құрамасының футболшысы Коул Палмер есепті теңестірді.

Микель Оярсабаль ойынның 86-минутында гол соғып, испаниялықтарды тағы да алға шығарды.

Ойын соңына дейін осы есеп сақталып, Испания құрамасы Еуро-2024 турнирінің жеңімпазы атанды.

Германияның Берлин қаласында өткен финалдық ойында 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияның 10 қаласында өткен Еуропа чемпионаты биыл он жетінші мәрте ұйымдастырылды.

Бұл біріншілікте басты жүлдені 24 құрама сарапқа салған болатын. Сондай-ақ Еуропа чемпионаты тарихында Германия мен Испания құрамалары үш рет жеңімпаз атанған. Ал осы турнирдегі жеңісінен кейін Испания құрамасы көш бастады. Оcылайша олар енді төртінші рет Еуропаның үздік құрамасы атанды.