Команда жұмысы жоғары баға мен шынайы құрметке лайық.
8 қараша күні Қазақстан футбол федерация президенті Әділет Барменқұлов және бірнеше команда мүшесі, оның ішінде медиа бағытты басқарған Гүлмира Шутанова, өз қызметтерінен кететінін мәлімдеді. Соңғы бірнеше жылда олардың жетекшілігімен ҚФФ-ның баспасөз қызметі жаңа деңгейге көтеріліп, қазақстандық жанкүйерлер үшін футбол қолжетімді бола түсті, деп Dopmedia.kz MarketingPN Телеграм-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚФФ баспасөз қызметі талантты мамандар командасы арқасында сапалы медиа контент енгізді: өз подкасттары іске қосылып, әлеуметтік желілердегі ҚФФ-ның жаңартылған, белсенді аккаунттары пайда болды, сондай-ақ БАҚ-пен өзара байланыс форматтары кеңейтілді. Команданың еңбегі арқасында Қазақстан құрамасы нағыз танымал әрі қолжетімді командаға айналды.
Өткен жылы ұлттық құраманың жаңа формасының таныстырылымы ерекше болды. Бұл шара ҚФФ үшін тың жаңалық болып, жарқын оқиғалардың бірі ретінде есте қалды. Бірегей ивент пен жан-жақты медиа қолдау, фото және видео материалдардың сапалы дайындалуы бұл шараға айрықша сипат берді. Федерация мұндай ауқымдағы футбол оқиғаларын бұрын-соңды бұлай кеңінен насихаттамаған еді, бұл спорт жанкүйерлері үшін үлкен сый болды.
Команда жұмысы жоғары баға мен шынайы құрметке лайық. Осы жылдар ішінде қазақстандық жанкүйерлер футболға жақындай түсті, ал олардың ұлттық құрамаға деген қызығушылығы мен ықыласы едәуір артты.