"Петрокуб" – "Ордабасы" матчының ең нашар ойыншысы анықталды
Қорғаушы Сергей Малыйдың бұл ойында алған ұпайы төмен
Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында молдавалық "Петрокуб" пен шымкенттік "Ордабасы" клубтары жауапты кездесу өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Бұл ойында молдовалық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының келесі іріктеу кезеңіне жолдама алды. Flashscore сайты бұл матчтың ең нашар ойыншысын анықтаған болатын.
"Ордабасы" құрамында ең төменгі бағаны қорғаушы Сергей Малый (5,7), ал ең жоғары ұпайды – қақпашы Сергей Игнатович (6,9) алды.
Естеріңізге сала кетейік, қос команданың Шымкентте өткен алғашқы ойыны 0:0 есебімен аяқталған еді. Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундында "Петрокуб" командасы кипрлік "АПОЭЛ" клубымен ойнайды.
Ал жеңіліске ұшыраған "Ордабасы" клубы Конференция лигасына түседі, онда шымкенттік команда "КИ Клаксвик" (Фарер аралдары) — "Дифферданж" (Люксембург) клубтарының жеңілгенімен кездеседі.