Әмір Омарханов АТР рейтингісіне қосылады
ITF 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемдік рейтингті жариялаған болатын. Қазақстанның жас жұлдызы, 16 жастағы Әмір Омарханов рейтингте 15-орынға көтерілді, деп Dopmedia.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Осылайша Әмір Омарханов өзіңің осы уақытқа дейін тіркеген үздік нәтижесін (2024 жылғы ақпан, №12) қайталауға жақын.
Қазір Астанада ересектер арасындағы челленджер турнирінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық теннисші алдағы аптада 4 ұпаймен алғаш рет ATP рейтингісіне де кіреді.
Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы ТОП-50 үздік теннисшінің қатарына Соня Жиенбаева (№21) мен Асылжан Арыстанбекова (№38) енді. Даниал Рахматуллаев – 58, Заңғар Нұрланұлы – 163, Айя Нұпбай – 120, Полина Слепцова 229-сатыда тұр.
Азия теннис федерациясының (ATF) жаңартылған рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Заңғар Нұрланұлы бұрынғыша 1-орында.
14 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Tennis Europe ТОП-100-де Қазақстанның төрт спортшысы бар: Роберт Каминский (61-орын), Ахмади Маханов (63-орын), Родион Трайгель (69-орын). Ал қыздар арасында Линара Бөлешева 84-орында келеді.