"Деңгейлері сай емес": Түркияда ойнайтын футболшыларымыз туралы не дейді? instagram/kff_team. Суретте: Абат Айымбетов пен Бақтиер Зайнутдинов

Абат пен Бақтиердің ойыны жүрмей жатыр ма?

Түркиялық футбол агенті Джейхун Гаджиев қазақстандық футболшылар Абат Айымбетов пен Бақтиер Зайнутдиновтің Түркия чемпионатындағы ойынына баға берді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі LegalBet сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Біріншіден, Зайнутдиновтың алаңға сирек шығуының басты себептерінің бірі футболшы команданың деңгейіне сай емес. Ал "Адана Демирспорға" трансфер жасауға тыйым салынды, сондықтан жаңа ойыншыларды қатарына қоса алған жоқ. Футболшылар санының көп болмауына байланысты Абат Айымбетовті алаңға шығаруға мәжбүр", - деді ол. 

Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапына 2023 жылы ауысса, Абат Айымбетов биыл жыл басында "Адана Демирспор" қатарын толықтырды.