Сауд Арабиясының ФК «әл-Иттихад» шабуылшысы Карим Бензема 2024 жылы «Алтын доптың» кім жеңіп алатынын болжады.
36-жасар француздық шабуылшының ойынша биылғы жылдың "Алтын доп" иегері Жуниор Винисиус алу керектігін айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Мұндай мінсіз маусымнан кейін Винисиус "Алтын допқа" әбден лайықты. Тек бұл маусым емес, өткен маусымды қоса алғанда ол мықты ойын көрсетті. Ол- доптың тілін білетін ойыншы.
Айта кетейік, Винисиус "Реал Мадрид" сапында 2008 жылдан бері жасыл алаңға шығып келеді. Ойыншы мен клуб арасындағы келісімшарт 2027 жылға дейін жоспарланған.