Винисиус – "Реал Мадрид" клубының бейресми агенті Фото ашық дереккөзден

Бразилиялық футболшы бірнеше ойыншының трансферіне ықпал еткен

AS испаниялық басылымы "Реал Мадрид" клубының шабуылшысы Винисиус Жуниордың командаға ауысқан бірнеше ойыншының трансферіне ықпал жасағанын жазды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, 24 жастағы бразилиялық футболшы – мадридтік клубтың "бейресми агенті". Ол Килиан Мбаппе, Джуд Беллингем және Эндрикпен трансфер мәселесі бойынша сөйлесіп, оларды "Реал Мадрид" қатарына қосылуға көндірген. Нәтижесінде олардың барлығы мадридтік клубтың ойыншылары атанды.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Винисиус "Баварияның" қорғаушысы Альфонсо Дэвиспен сөйлесіп жатыр.

Айта кетейік, Винисиус 2018 жылдан бастап "Реал Мадрид" сапында өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда форвард 39 матч өткізіп, 24 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.