Қазақстандық спортшы өзін-өзі Олимпиада чемпионы деп жариялады (фото) instagram.com/qaz_team_official

Әмір Маймұратов өзін Олимпиада чемпионы деп жариялады

Қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов Instagram желісіндегі ресми парақшасында Олимпиада ойындары басталмай жатып өзін чемпион деп жариялады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов Instagram желісіндегі парақшасының сипаттамасына: "2024 Olympic champion", – деп жазды.

Маймұратов Парижде құзға өрмелеу спортынан сынға түседі. Ол лицензияны биылғы жылдың маусым айында Будапештте (Венгрия) өткен іріктеу турнирінде жеңіп алды. 

Құзға өрмелеу спортынан бәсекелер 5-10 тамыз аралығында өтеді.