Футзал

Игита "Реал Мадрид" жұлдызымен бір алаңда өнер көрсетті (видео)

Игита мен Винисиус бір алаңда ойнады

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі капитаны Лео Игита мен "Реал Мадрид" пен Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниордың бір алаңда ойнап жатқан видеосы желіде тарады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Лео Игита Instagram желісіндегі ресми парақшасында мадридтік клубтың жарқын жұлдызы Винисиус Жуниормен бір алаңда доп теуіп жүргенін жариялаған болатын. Бұл бейнеден Игита 21-нөмірлі жейдемен, ал Винисиус 7-нөмірлі жейдемен ойнап жатқанын көруге болады.

Айта кетейік, Лео Игита бес мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанған (2015, 2016, 2018, 2019 және 2020). Ол 2011 жылдан 2024 жылға дейін алматылыұ "Қайрат" футзал клубында өнер көрсеткен. Бұл командада екі рет УЕФА кубогын иеленіп, барлығы 39 жүлде жеңіп алды. Ал биыл шілдеде Игита "Семей" футзал клубына ауысты. 

Винусиус Жуниор өткен маусымда "Реал Мадрид" қатарында Чемпиондар лигасының жеңіп алған болатын. Ол бүгінде "Алтын доп" жүлдесіне басты үміткерлердің бірі.