Ерлер

Өзбекстан – Испания: Олимпиададағы доп додасы бүгін басталады

Олимпиадада футболдан Өзбекстан бақ сынайды

Бүгін, 24 шілдеде Өзбекстан футбол құрамасы Париж Олимпиадасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчын өткізеді. Қарсыласы азуын айға білеген Испания командасы болады, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.

Матч Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де басталады. Ойынды Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

С тобында бұл екі құрамадан бөлек Египет пен Доминикан Республикасының командалары да өнер көрсетеді ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиададағы футбол бәсекесінде тек 23 жасқа дейінгі футболшылар ойнай алады. 23 жастан асқан тек үш футболшыға ғана квота беріледі.

Сондай-ақ, Париж Олимпиадасында доп тебетін топ-футболшылар туралы да жазған болатынбыз.