Париж Олимпиадасында өнер көрсететін топ-футболшылар Фото ашық дереккөзден

Байрақты бәсекеде Еуропа мен әлем чемпиондары ойнайды

24 шілде мен 9 тамыз аралығында Париж Олимпиадасы аясында ерлер арасындағы футбол турнирі өтеді. Дәстүр бойынша әр командада 23 жастан аспайтын ойыншылар өнер көрсетуі керек, тек әр құрама сапында 23 жастан асқан үш футболшы ғана ойнай алады. Dopmedia.kz тілшісі Париж Олимпиадасында өнер көрсететін үздік 10 футболшының тізімін жасақтап шықты.

Ерлер арасындағы Олимпиада бәсекесіне 16 ұлттық құрама қатысады. А тобында – Франция, АҚШ, Гвинея, Жаңа Зеландия; В тобында – Аргентина, Ирак, Марокко, Украина; С тобында – Өзбекстан, Испания, Египет, Доминикан Республикасы; D тобында – Жапония, Парагвай, Мали Израиль өнер көрсетеді. Әр топтан үздік шыққан екі команда жарыстың 1/4 финалдық кезеңіне шығады.

Наби Кейта ("Вердер", Гвинея)

29 жастағы жартылай қорғаушы Наби Кейта Гвинея ұлттық құрамасы сапында 56 матч өткізіп, 11 гол соққан. Ол өзінің мансабында "Ред Булл Зальцбург", "РБ Лейпциг", "Ливерпуль" секілді клубтарда доп тепкен. Өткен жылдың жазынан бастап футболшы "Вердер" клубында ойнайды. 

Жетістіктері: Аустрия чемпионы (2014/15, 2016/17), Аустрия кубогы (2014/15, 2015/16), Чемпиондар лигасы (2018/19), УЕФА Суперкубогы (2019), Клубтар арасындағы әлем чемпионы (2019/20), Англия кубогы (2020/21), Англия лигасының кубогы (2020/21), Англия Суперкубогы (2022). Аустрия чемпионатының үздік ойыншысы (2015/16), Гвинеяның үздік футболшысы (2015, 2021).

Эрик Гарсия ("Барселона", Испания)

23 жастағы қорғаушы Эрик Гарсия өткен Олимпиада ойындарында Испания құрамасы сапында ойнады, онда финалдық ойында Бразилия құрамасын есе жіберіп қойды (1:2). Енді ол екінші рет Олимпиаданың алтынына қол жеткізуге тырысады. Ол Испания құрамасында 19 матч өткізген. Ол соңғы маусымда "Жиронаға" жалға берілген болатын, бірақ қазір қайтадан "Барселонаға" ауысты. 2017 жылдан 2021 жылға дейін "Манчестер Сити" клубында ойнады.

Жетістіктері: Англия Суперкубогы (2019), Англия лигасының кубогы (2019/20), АПЛ (2020/21), Ла Лига (2022/23), Испания Суперкубогы (2023).

Аббосбек Файзуллаев ("ЦСКА", Өзбекстан)

20 жастағы жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаев Париж Олимпиадасына қатысады. Потенциалы мол ойыншы Өзбекстан құрамасы сапында 17 матч өткізіп, 4 гол соққан. Өткен жылдың жазынан бастап "Пахтакордың" тәрбиеленушісі мәскеулік "ЦСКА" сапында ойнайды. Ол әлемдік деңгейдегі жұлдыз болмаса да, ол қазақстандық аудиторияға танымал. Қазақстан құрамасының белді футболшысы Бақтиер Зайнутдиновпен бірге ойнаған.

Жетістіктері: Өзбекстан чемпионы (2021, 2022, 2023), Өзбекстан Суперкубогы (2022), 20 жасқа дейінгі Азия чемпионы (2023), 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатының үздік ойыншысы (2023), Өзбекстанның жыл футболшысы (2023), Ресей премьер-лигасының жаңалығы (2023/24).

Майкл Олисе ("Бавария", Франция)

22 жастағы вингер Майкл Олис Франция құрамасының ересектер сапында ойнаған жоқ. Бірақ ол Франция үшін Олимпиада алтынын алуға таласады. Осы айда ол 53 миллион еуроға "Кристал Паластан" "Баварияға" ауысты. Жасөспірім шағында "Арсенал", "Челси" және "Манчестер Сити" академияларында ойнаған. 

Жетістіктері: "Кристал Паластың" үздік футболшысы (2022/23).

Эльдор Шомуродов ("Рома", Өзбекстан)

29 жастағы шабуылшы Эльдор Шомуродов Өзбекстанның футболдан алғашқы Олимпиадалық турнирінде шабуыл шебін қыздырады. "Ростов", "Дженоа" және "Специя" сапында өнер көрсеткен танымал футболшы өткен маусымда "Кальяриге" жалға берілді. Қазіргі уақытта ол "Ромаға" қайта оралып, италиялық клубта өнер көрсетіп жүр.

Жетістіктері: УЕФА Конференция Лигасының жеңімпазы (2021/22), УЕФА Еуропа лигасының финалисті (2022/23). Өзбекстанның жыл футболшысы (2019, 2021), Өзбекстан құрамасы тарихындағы үздік бомбардир (73 матчта 40 Гол).

Пау Кубарси ("Барселона", Испания)

17 жастағы қорғаушы Пау Кубарси Испания құрамасының сапында 2024 жылғы Еуропа чемпионы атануы мүмкін болған, бірақ белгілі бір себептерге турнирге қатыса алмады. Бірақ та ол Испания намысын Олимпиада ойындарында қорғайды. Өткен маусымда ол "Барселона" сапында барлық турнирлерде 24 матч өткізді.

Жетістіктері: 23 жасқа дейінгі Ла Лигадағы айдың үздік ойыншысы (2024, наурыз), Испания құрамасының тарихындағы үшінші ең жас дебютант (үш матч өткізді).

Николас Отаменди ("Бенфика", Аргентина)

36 жастағы қорғаушы Николас Отаменди жақында ғана Америка кубогында жеңіске жетті. Енді ол Олимпиадада команданың ең тәжірибелі ойыншысы ретінде ойнайды. Аргентина құрамасында 117 матч өткізіп, 6 гол соқты. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап ол "Бенфикада" ойнайды, бұған дейін "Порту", "Валенсия" және "Манчестер Ситиде" доп тепкен.

Жетістіктері: Аргентина чемпионы (2009), Португалия чемпионы (2010/11, 2011/12, 2012/13, 2022/23), Португалия кубогы (2010/11), Португалия Суперкубогы (2011, 2012, 2013, 2023), УЕФА Еуропа Лигасы (2010/11), Англия лигасының кубогы (2015/16, 2017/18, 2018/19, 2019/20), АПЛ (2017/18, 2018/19), Англия кубогы (2018/19), Англия Суперкубогы (2018, 2019), әлем чемпионы (2022), Америка Кубогының жеңімпазы (2021, 2024), Финалиссима жеңімпазы (2022).

Александр Ляказетт ("Лион", Франция)

33 жастағы шабуылшы Александр Лаказетт Франция құрамасы үшін 16 матч өткізіп, 3 гол соқты. Ол осы турнирде Франция құрамасының көшбасшысы болады. 2022 жылдың жазынан бастап ол "Лион" сапында өнер көрсетеді және осы уақытқа дейін бес жыл "Арсеналда" ойнады.

Жетістіктері: Франция кубогы (2011/12), Франция Суперкубогы (2012), Англия Суперкубогы (2017), Англия кубогы (2018/19), 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы (2010).

Хулиан Альварес ("Манчестер Сити", Аргентина)

24 жастағы шабуылшы Хулиан Альварес аргентиналықтардың негізгі күші болуы керек. Ол да жақында Отамендимен бірге Америка кубогын жеңіп алды. Аргентинаның ересектер құрамасы сапында 36 матчта ол 9 гол соқты. 2022 жылдың қаңтарынан бастап "Манчестер Сити" клубында ойнайды.

Жетістіктері: Либертадорес кубогы (2018), Аргентина кубогы (2018/19), Аргентина Суперкубогы (2019), Аргентина Суперкубогы (2021), Аргентина чемпионаты (2021), АПЛ (2022/23, 2023/24), Англия кубогы (2022/23), Чемпиондар лигасы (2022/23), УЕФА Суперкубогы (2023), Клубтық әлем кубогы (2023), әлем чемпионы (2022), Америка Кубогының жеңімпазы (2021, 2024), Финалиссима жеңімпазы (2022), Оңтүстік Американың жылдың үздік футболшысы (2021), Аргентина чемпионатының үздік бомбардирі (2021).

Ашраф Хакими (ПСЖ, Марокко)

25 жастағы ойыншы Ашраф Хакими Марокко құрамасының көшбасшысы. Өз елінің құрамасы сапында ол 77 матчқа қатысып, 9 голдың авторы атанды. Қазіргі уақытта "ПСЖ" клубында өнер көрсетеді.

Жетістіктері: УЕФА Суперкубогы (2017), Испания Суперкубогы (2017), Клубтық әлем кубогы (2017), Чемпиондар лигасы (2017/18), Германия Суперкубогы (2019), А сериясы (2020/21), Франция чемпионаты (2021/22, 2022/23, 2023/24), Франция Суперкубогы (2022, 2023), Франция кубогы (2023/24).