Еуроның тарихына кірген 19 жасар жұлдыз кім? ©instagram.com/millitakimlar

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы, Түркия ұлттық құрамасының ойыншысы Арда Гюлер Еуро-2024 чемпионатында ерекше көзге түсті.

19 жасар хавбек Түркияның Аустрияға қарсы ойынының  59-шы минутында  Мерих Демиралға нәтижелі пас беріп, құраманың жеңіске жетуіне көмектесті. 

Бұдан бөлек, Гюлер Криштиану Роналдуның рекордын жаңартып, Еуродағы нәтижелі пас берген ең жас футболшылардың екінші легіне жайғасты. 

6 шілде күні Еуроп чемпионатының  1/4 финалында Түркия ұлттық құрамасы Нидерландыға қарсы жасыл алаңда кездеседі.