Күрес

Елдос Сметов Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Елдос Сметов ширек финалдық белдесуде жеңіске жетті

Елдос Сметов Париж Олимпиадасындағы үшінші белдесуін сәтті өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық дзюдошы ширек финалдық кезеңде Тайпей елінің өкілі Янг Юнг Вейге қарсы белдесті. 60 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде отандасымыз басым түсті.

Осылайша, Елдос Сметов Париж Олимпиадасының жүлдесіне күреседі. Жартылай финал мен финалдық кезеңдер 19:00-де басталады.

Еске салайық, Елдос Сметов бірінші айналымда Нидерланд елінің дзюдошысы Торнике Цякадоеадан басым түссе, 1/8 финалдық кезеңде украиналық Дильшот Халматовты жеңді

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасындағы екінші белдесуінде Тайпей елінің өкілі Лин Чен-Хаоны 19 секундта жеңді.