"Атланта ойындарынан кейінгі алғашқы медаль" – ҰОК президенті Геннадий Головкин Фото ашық дереккөзден

Геннадий Головкин қазақстандық мергендерді құттықтады

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин ел қоржынына жүлде сыйлаған қазақстандық мергендерді құттықтады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілші ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті  Ислам және Александра!

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен жеке өз атымнан сіздерді Париж Олимпиадасындағы алғашқы медальді жеңіп алуларыңызбен  құттықтаймын!

Сіздер жарыстың алғашқы күні-ақ жүлдеге қол жеткізіп, барша олимпиадалық құрамаға жігер бердіңіздер.

Қазақстан Атланта ойындарынан кейін алғаш рет нысана көздеуден Олимпиада тұғырына көтеріліп отыр. Бұл жетістік арқылы сіздер өз шеберліктеріңізді паш етіп, еліміздің олимпиадалық тарихына ендіңіздер.

Ислам, Париж Олимпиадасының ең алғашқы жолдамасын да сіз  иеленген едіңіз. Енді, міне, Олимпиаданың алғашқы медалін де сіз сыйлап отырсыз. Бұл медаль Париж Олимпиадасындағы Қазақстан командасының ірі жеңістеріне жол ашсын!

Сіздерге Олимпиада ойындарындағы жекелей сында сәттілік тілеймін", – делінген құттықтау жеделхатында.


Айта кетейік, 10 метрге винтовкамен нысана көздеуден аралас командалық бәсекеде қазақстандық мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола жүлде еншіледі.

 

    Көп оқылды: