Олимпиада ойындарында Қазақстан үздік ондықтың қатарында AI

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының медаль кестесінде үздік ондықта тұр

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының медаль кестесінде Қазақстан ұлттық құрамасы үздік ондықта тұр. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында үш жүлде бар. Нысана көздеуден Александра Ле мен Ислам Сәтбаев қола жүлдеге ие болса, дзюдошы Елдос Сметов алтын медаль, тағы бір дзюдо шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені қанжығалаған еді.

Әзірге Қазақстан құрамасы медаль кестесінде 1 алтын, 2 қола жүлдемен 8-орында тұр.

Көш басында – 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп үлгерген Жапония командасы. Екінші орынға Аустралия (4-2-0) жайғасса, үшінші орында АҚШ (3-6-3) құрамасы тұр.