Қазақ боксшылары Олимпиадада ширек финалға қаншалықты жиі шыққан? Фото ашық дереккөзден

Қазақ боксшыларының Олимпиадалардағы нәтижесі қандай болды?

Бүгін Париж Олимпиадасы аясында өтіп жатқан бокстан ерлер бәсекесінде 2 спортшымыз ширек финалдағы кездесуін өткізеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Париж Олимпиадасында 4 қазақ боксшысы ширек финалдық кезеңге шықты. Олар: Сәкен Бибосынов (51 кг), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг). Ал осы уақытқа дейінгі өткен жазғы Олимпиада ойындарында ширек финалға өткен қазақ боксшыларының нәтижесі қандай болды? Бұл мәселені төменде келтірдік:

Париж Олимпиадасы (2024) – 4 боксшы;

Токио Олимпиадасы (2021) – 4 боксшы;

Рио Олимпиадасы (2016) – 6 боксшы;

Лондон Олимпиадасы (2012) – 6 боксшы;

Бейжің Олимпиадасы (2008) – 6 боксшы;

Афина Олимпиадасы (2004) – 6 боксшы;

Сидней Олимпиадасы (2000) – 7 боксшы;

Атланта Олимпиадасы (1996) – 5 боксшы.

Айта кетейік, әр Олимпиадада салмақтың саны әртүрлі болған.

Сондай-ақ бұл Олимпиадада ширек финалға өткен боксшылар саны бойынша кім алда екенін де жазған болатынбыз.

    Көп оқылды: