«Біз ойынның басқа тактикасына ауысамыз» – Аслан Дарабаев КФФ

Ұлттық құрама ойыншысы соңғы өткізген матчтарына қатысты пікір білдірді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының  ойыншысы, «Елімай» клубының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев жанкүйерлерге үндеу жасады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Бізге гол жетіспейді. Бұл – біріншіден. Екіншіден, бізде қазір үлкен трансформация жүріп жатыр. Ойын тактикасы өзгеруде. Біз ойынның басқа тактикасына ауысамыз. Ұлттық құрама қалай өзгергенін бәріңіз байқаған боларсыздар. Шабуылға қарсы ойынды дамытатын боламыз,- деді хавбек. 
 

Айта кетейік, ұлттық құрама жігіттері Словения командасына 0:1 есебімен есе жіберген еді.