Құрбановқа күміс үшін қанша ақша беріледі? Olympic.kz | Нариман Курбанов

Қазақстандық спортшыға қанша қаражат бұйыратыны анықталды

Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған спортшыға мемлекет тарапынан заңды түрде 150 000 доллар беріледі (70 миллион теңге). Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан ел намысын қорғап, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. 

Ол еліміздің спорттық гимнастикадан медаль жеңіп алған алғашқы спортшы болып тарихқа кірді.