Қазақстандық спортшы жартылай финалға шыға алмады olympic.kz. Суретте: Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий

Ескек есуші ширек финалда өнер көрсетеді

Ерлер арасында байдаркада ескек есуден қазақстандық спортшы Бекарыс Раматулла іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды. 

1000 метрге байдаркада ескек есуден ерлер арасында жекелей сайыста Бекарыс Раматулла сынға түсіп, соңғы болып мәре сызығын кесті. Қазақстандық спортшының бұл сында тіркеген нәтижесі – 3:44:47.

Жарыс ережесі бойынша әр топта үздік атанған 2 спортшы жартылай финалға тікелей жолдама алады. Ал кейінгі орынға жайғасқан спортшылар ширек финалда бақ сынап, жартылай финалға өтуге тырысады.