Қазақстандық боксшы көптен күткен кездесуіне қол жеткізді sports.kz. Суретте: боксшы Иван Дычко

Иван Дычко АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Иван Дычко тамызда жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

BoxRec.com сайтының мәліметінше, қазақстандық боксшы Иван Дычко келесі кездесуін 21 тамызда Плант-Сити қаласында (Флорида штаты, АҚШ) ProBox шоуы аясында өткізеді. Сегіз раундтық кездесуде Иванның қарсыласы америкалық Крейг Льюис (15-7-1, 8 КО) болмақ. 

Иван Дычко соңғы рет 2023 жылдың маусым айында шаршы алаңға шыққан.