Олимпиада чемпионы мен жүлдегерлері қанша пайда тапты?
Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен және жүлделі орындарға ие болған қазақстандық спортшыларға мемлекет тарапынан 1 миллион доллар көлемінде сыйақы беріледі. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта бұл Париж Олимпиадасында топ жарған бір чемпион бар. Сондай-ақ, ұлттық құрама үш күміс және үш қола медальді (төрт жүлдегер) жеңіп алды. Олимпиада жүлдегерлері үшін белгіленген сыйақы мөлшері келесідей:
Алтын медаль – 250 000 доллар
Күміс медаль – 150 000 доллар
Қола медаль – 75 000 доллар