Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкерінің жүрегі тоқтап қалды Хасанбой Дусматов пен Тулкин Киличев | НОК

Хасанбой Дусматовтың алтын жүлдесін тойлау кезінде құрама бапкері өзін нашар сезіне бастады

Бокстан Өзбекстан құрамасының бапкері Тулкин Киличев Хасанбой Дусматовтың алтын жүлдесін тойлау кезінде өзін нашар сезініп, жүрегі тоқтап қала жаздаған. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Көмекке шақырған өзге кісілердің дауысына британиялық медицина қызметкерлері жүгіріп келіп, арнайы электр апаратымен жүрегін жүйеге келтіруге тырысқан. 
 

"Мен арнайы медициналық сөмкемді ашып, ішінен дефибрилляторымды шығардым. Бір-екі зарядтан кейін Киличев есін жия бастады. Адам өмірін құтқарып қалғаныма өте қуаныштымын",-деді медициналық қызметкер. 
 

Қазір бапкердің жағдайы бірқалыпты.