Команда 2023/2024 маусым жеңімпазы атанды
Бүгін, 18 маусымда, Ұлттық баскетбол қауымдастығының плей-офф кезеңінің финалдық сериясындағы бесінші матчта «Бостон Селтикс» «Даллас Мавериксті» жеңді (122:88). Осылайша команда 2023/2024 маусым жеңімпазы атанды. Серия 4-1 есебімен аяқталды. Финалда MVP, яғни ең құнды ойыншы болып «Бостон» қорғаушысы Джейлен Браун танылды.
Бесінші кездесудің ең нәтижелі ойыншысы атағы «Бостон» шабуылшысы Джейсон Тейтумға бұйырды. Оның еншісінде 31 ұпай бар.
Бұл жеңіс «Бостонға» ҰБҚ-ның ең титулды клубы атануға мүмкіндік берді, себебі ол тарихта 18-рет чемпиондық атаққа қол жеткізіп отыр.
Екінші орынға «Лос-Анджелес Лейкерс» (17) жайғасса, үшінші сатыда «Голден Стэйт Уорриорз» (7) тұр.
Бұған дейін «Бостон» осыдан 16 жыл бұрын, 2007/2008 мауымда жеңімпаз атағына қол жеткізген. Ол кезде финалдық серияда олар «Лос-Анджелес Лейкерсті» 4-2 есебімен ұтқан.
-
16 қыркүйек, 2024
Қазақ көкпаршылары Қырғызстанға бара ма: қазақтар жауап берді
-
16 қыркүйек, 2024
Қырғыз көкпаршылары қазақтарды өз жеріне шақырып жатыр
-
13 қыркүйек, 2024
Көкпардың арты “жұмыртқа дауына” ұласып кеткен жоқ па?