Қазақстандық футболшы армениялық клубқа ауысты
Қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский армениялық «Веста» клубына ауысты. Бұл туралы Dopmedia.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
30 жастағы футболшы жаңа маусымды Қазақстанның Бірінші лигасында «Екібастұз» құрамында бастаған болатын.
Бұған дейін Тимур Рудосельский «Оқжетпес», «Ақтөбе», «Қайрат», «Жетісу», «Қайсар», «Тұран» клубтарында ойнаған. Сонымен қатар, ол Израильдің «Хапоэль» Петах-Тиква клубында және Арменияның «Лори», «Севан», «Нораванк» және «Алашкерт» командаларында тәжірибе жинақтаған.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?