UFC рейтингі жаңарды: Шавкат пен Асу қай орында тұр? sports.kz. Суретте: файтер Асу Алмабаев

Қазақстандық файтерлер рейтингтегі позициясларын сақтап қала алды ма?

UFC барлық салмақ категорияларындағы рейтингтерді жаңартты. Шавкат Рахмонов (18-0) пен Асу Алмабаев (20-2) өздерінің позицияларын анықтады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Асу Алмабаев ең жеңіл салмақта 14-орында қалды, ал Шавкат Рахмонов орта салмақта үшінші орынға жайғасты.

Асу Алмабаев 20 қазанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) жекпе-жек өткізеді. Ол 31 жастағы бразилиялық Матеус Николаумен (19-4-1) кездеседі. 

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың 16 желтоқсанында Лас-Вегаста өткізді. Ол америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) екінші раундта жеңген болатын.