Ерлер

ҚФФ ұлттық құраманың бірінші матчынан 129 миллион теңге пайда тапты

Қазақстан – Норвегия матчынан ҚФФ қомақты табыс тапты

Қазақстандық футбол федерациясы (ҚФФ) ұлттық құраманың Норвегиямен болатын матчынан қомақты табыс тапты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

ҚФФ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Норвегия арасындағы кездесуге барлық билеттер бір күнде сатылып кеткен. Ойын 6 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда жергілікті уақыт бойынша 19:00-де басталады.

«Маркетинг последней надежды» Telegram арнасының мәліметінше, Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы турниріндегі алғашқы матчындағы аншлагтың арқасында ҚФФ 129 миллион теңге (шамамен 271 мың АҚШ доллары) пайда тапқан. Билеттердің құны 2 мыңнан 10 мың теңгеге дейін болды.

Айта кетейік, Норвегияға қарсы матч Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесовтің ресми дебюті болмақ.