Футболдан Қазақстан құрамасының матчында ине шаншар орын болмайды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасының В дивизионында Норвегияға қарсы өткізетін алғашқы матчының билеттері толық сатылып кетті, деп Dopmedia.kz хабарлайды
Бұл кездесу 6 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді. Стадионның сыйымдылығы – 23 804 орын. Норвегия құрамасының негізгі жұлдызы, «Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд бұл матчтың басты назарында болмақ.
Ұлттық құрама соңғы рет Алматыда 2020 жылы ойнаған. Ол кезде Ұлттар лигасы аясындағы Беларусь, Литва және Албанияға қарсы матчтар коронавирус пандемиясына байланысты көрерменсіз өтті.
Алматыдағы соңғы ресми матч көрермендердің қатысуымен 2017 жылы 10 маусымда Данияға қарсы өткен болатын, онда Қазақстан құрамасы 1:3 есебімен жеңіліс тапты.
Норвегиядан бөлек, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Словения және Аустрия командаларымен де ойнайды.
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақтар көкпардан қырғыздарды төбелесіп жеңді
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақстандық садақшылардың триумфы: Қоржынымызда 6 медаль бар
-
12 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындары: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
-
12 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының төртінші күні қалай өтті?
-
11 қыркүйек, 2024
Ордодан 7 мемлекет сынға түседі