Федерация президенті бапкер Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті (фото) instagram.com/boxingkazakhstan

Федерация басшысы Мырзағали Айтжановқа шапан жапты

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жиын барысында Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жабылып, бағалы сыйлықтар табысталды. 

"Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз", – деді бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін 2023 жылдың қаңтарында алған Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасынан соң қызметінен босатылды. Оның орнына Қайрат Сәтжанов бас бапкер болып тағайындалды.