Қазақ қызы әлем чемпионатының алтыны үшін таласады Фото: olympic.kz

Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының финалына шықты

Күрестен Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі Жәмилә Бақбергенова Тиранадағы (Албания) олимпиадалық емес салмақта әлем чемпионатының финалына шығу үшін күреседі. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдік турнирде спортшы ел намысын 72 кг дейінгі салмақта қорғайды. 

Бақбергенова жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, молдовиялық қарсыласы Эмилия Кречунды жеңді. 

Ширек финалда балуан чехиялық Адела Ханзличкованы 6:3 есебімен ұтқан. 

Жартылай финалда ол Монғолиядан келген Болортунгалаг Зоригтке қарсы тұрады.

Айта кетелік, біздің команданың үш өкілі жартылай финалға өте алмады. Зульфия Яхьярова (55 кг дейінгі салмақта), Диана Каюмова (59 кг дейінгі салмақта) және Ирина Казюлина (65 кг дейінгі салмақта) алғашқы жекпе-жектерінде-ақ тізе бүкті.