«Бешикташ» пен «Лугано» арасындағы ойын тең аяқталды
Стамбұлдың "Бешикташ" клубы УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде Швейцарияның "Лугано" командасына қарсы алғашқы матчын өткізді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Швейцарияда өткен бұл ойын 3:3 есебімен аяқталды.
Матч барысында "Бешикташ" екі рет алға шығып, тіпті екі доп айырмасымен алда тұрды. Ойынның 21-минутында Жедсон Фернандес түркиялық клубтың алғашқы голын соғып, есеп ашты. Алайда, 34-минутта "Лугано" командасының ойыншысы Уран Бислими есепті теңестірді.
52-минутта Фернандес қайтадан командасын алға шығарса, үш минут өткен соң Аль-Мусрати "Бешикташтың" артықшылығын 3:1 есебімен нығайтты.
Соған қарамастан, швейцариялық команда күш-жігер таныта білді. 57-минутта Ренато Штеффен есепті қысқартса, ал 64-минутта "Бешикташтың" орталық қорғаушысы Габриэл өз қақпасына гол соғып, есепті теңестірді – 3:3.
"Бешикташ" сапында өнер көрсететін футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов бұл матчта ойнамады. .
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?