Рыбакина өзін 5 жыл жаттықтырған бапкермен енді жұмыс істемейді Jimmie48 Photography, WTA. Суретте: Елена Рыбакина

Елена Рыбакина тосын мәлімдеме жасады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық жаттықтырушы Стефано Вуковпен серіктестікті тоқтатқанын жазды. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды. 

"Бес жылдық серіктестіктен кейін Стефано екеуіміз енді бірге жұмыс істемейміз. Мен оған корттағы жұмысы үшін алғыс айтамын және бар жақсылықты тілеймін. Бәріңізге қолдауларыңыз үшін рахмет", – деп жазды Елена Рыбакина Instagram желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, 37 жастағы бапкер Стефано Вуков қазақстандық теннисшіні 2019 жылдан бері жаттықтырған еді.