"Мен ешнәрсе істей алмайды деп кім айтты?" – Жәнібек Әлімханұлы Ашық дереккөзден алынған

Михайловичпен жекпе-жек 4-ші қазан күні өтеді

IBF және WBO нұсқалары бойынша бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичпен болашақ жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Көптен күткен Михайловичке қарсы жекпе-жек ертең, 4-ші қазан күні өтеді. 

Мені салмақ тастай алмайды деп кім айтты? 168 фунтқа дейін көтерілуім керек деп кім айтты? Мен еш нәрсе істей алмайды деп кім айтты? Достар, мен ертең 160 фунт салмақпен жекпе-жекке шығамын. Менің екі чемпиондық титулым бар. Альхамдулиллях",- деді Әлімханұлы 

Айта кетейік, Жаңазеландиялық кәсіпқой боксшы Андрей Михайлович қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлына сес көрсетті.