« Қазақстан футболына қызығамын» – өзбек жанкүйері (ВИДЕО) Футзалдан Қазақстан құрамасының жанкүйерлері. Фото: instagram.com/kff_team_futsal

Dopmedia редакциясының тілшілері Өзбекстанға арнайы барып, Ташкент және Самарқанд қаласындағы жергілікті тұрғындардың екі ел футболы туралы пікірлерін білді.

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем біріншілігіне Dopmedia тілшілері арнайы барып, Аргентинамен болған ойыннан тікелей жаңалық таратқан болатын. Самарқанд қаласында сапарлап барған редакция журналистері жергілікті халықтан қазақстан футболы туралы пікірлерін білді.

Жергілікті тұрғандардың, соның ішінде жастардың қазақстан футболы, футзалы туралы ойлары ашық әрі еркін болды. Олардың айтуынша, көрші бауырлас ел Қазақстанның футболын сүйіп әрі жиі қарайды. Ұлттық құраманың және футзалдан ұлттық құраманың жетістіктері туралы айтқан жұрт, еліміздегі футболдың дамып келе жатқанын «факт» деп анық айтып отыр.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Dopmedia.kz (@dop_media.kz)