Мария Бровкова жүлдегерлер қатарынан көрінді
Париж-2024 Олимпиадасына қатысып, ескек есуден жүлдесіз оралған спортшы Мариа Бровкова Самарқандта өтіп жатқан Әлем чемпионатында қола медаль иегері атанды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
19-жасар Мария жарыс жолында украиналық және чилилік спортшыдан кейін мәреге үшінші болып жетті.
Қазақстандық спортшы 500 метрге дейін каноэ есуден жарысқан болатын.