Талғардағы істе жаңа ақпараттар тарап жатыр
Қазақстанда #ЗаШерзата, яғни #Шерзатүшін деген хештпегпен ауқымды флешмоб басталды, деп Dopmedia.kz Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Желі қолданушылары Талғарда қаза болған жасөспірімнің фотосуретін жариялап, осы хештегті көрсетеді. Қазір бұл флешмобқа 600 мыңнан астам қосылып, кінәлілерге қатысты әділ жаза қолданылуын талап етіп жатыр.
Айта кетсек, Талғардағы жағдай біршама ушығып, Шерзат Болаттың отбасының үйі өртеніп кетті. Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, біреу қасқана өртеуі мүмкін. Бұл қазақстандықтардың ашуын одан бетер өршітті.
Бұл оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде түрлі қауесет әңгімелер де тарап кетіп жатыр. Мысалы, алаяқтар баланың әкесінің атынан көмекке қаражат жинайтын жалған аккаунт ашып үлгерген.
Жалған ақпаратқа тап болмас үшін, сондай-ақ бұл оқиға бойынша жүріп жатқан тергеу барысы туралы нақты ақпаратты жариялап отыру мақсатында Instagram желісінде justice_for_sherzat деген арнайы аккаунт ашылды. Онда Шерзаттың отбасының адвокаттары ақпарат беріп отырады. Аз уақыт ішінде бұл аккаунтқа 80 мыңнан астам адам тіркелді.
-
6 қараша, 2024
Тойымыз 5 адаммен, құдалығымыз 6 адаммен өтті – Тамара Асар