Ел дербиінде легионерлер легі гол салды fckairat.com. Суретте: "Қайрат" – "Тобыл" футболшылары

«Қайрат» пен «Тобыл» тең нәтижені қанағат тұтты

Футбол Қазақстан премьер лигасының орталық матчтарының бірінде «Қайрат» өз алаңында «Тобылды» қабылдады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Алғашқы голды алматылық команда салды. «Қайраттың» ойыншысы Жоао Пауло қарсылас қақпасына гол соқты. Алайда «Тобыл» тез арада жауап қайтарып, Ахмед Эль-Мессауди есепті теңестірді. Кейінірек, Давид Эненнің дәл соққысынан кейін «Тобол» алға шығып, ойынның қарқынын арттырды.

Матчтың ең қызықты сәті екінші таймның қосымша 7-минутында минутта болды. «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Ульшин маңызды гол соғып, есепті теңестірді. Осылайша, ойын 2:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, келесі турда «Қайрат» өз алаңында «Астананы» қабылдайды, ал «Тобыл» өз алаңында «Атыраумен» кездеседі.