4 қазанда қайтыс болған 16 жасар Шерзаттың үйі өртенді
16 жастағы Шерзат Болаттың қайғылы қазасына қатысты іс қоғам назарында тұр. Жасөспірім төбелестен кейін ауыр жарақат алып, қайтыс болған еді. Ал, түрдп марқұмның үйі өртеніп кеткен екен. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Newsroom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
12 қазанға қараған түні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Азат ауылындағы жеке үйлердің бірінде өрт болды.
Оқиға орнында құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Алайда, бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Тергеу барысында куәгерлерден жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары мұқият зерттелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары мен өрттің шығу себептері анықталу үстінде.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғандығы туралы хабарлады..
Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды.
Марқұмының отбасысы тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)