Боранбаев өзекті мәселені талқылады
Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев жаңа стадион салғысы келетінін мәлімдеді. Алайда, Алматы қаласында жер бағасы қымбат. Қайрат Советаевич көптің көкейінде жүрген сұраққа ашық жауап берді ,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
«Орталық стадионның» реконструкциясына қатысты сыбыс жүргенін білемін. Бірақ менің оған еш қатысым жоқ. Өз стадионымызды басқа жерде салу жоспарымыз бар ма? Бар. Бірақ, жер бағасы өте қымбат. Стадион үшін кем дегенде 10 гектар жер сатып алу керек. Өз базамыздың маңайынан жер көріп едік. Соның өзінде жер бағасы 20 миллион долларға бағаланып отыр»,- деді Қайрат Советаевич.
Тағы да оқыңыздар: «Сантьяго Бернабеу» сәулетшілері «Орталық стадионға» өзгеріс енгізе ме?