Футбол

Англия жұлдыздарын баптаған жаттықтырушы өмірден озды

Свен-Йоран Эрикссон 76 жасында өмірден озды

Әлем футболының аңызына айналған швециялық жаттықтырушы Свен-Йоран Эрикссон 76 жасында өмірден озды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Биыл қаңтар айында ол ұйқы безінің қатерлі ісігіне шалдыққаны мәлім болған.

Эрикссон 1982-1984 және 1989-1992 жылдары Португалияның «Бенфика» клубын баптаған, осы уақыт аралығында үш рет Португалия чемпионатын, Португалия кубогын және Суперкубокты жеңіп алған. Сонымен қатар, ол «Рома», «Фиорентина» сияқты еуропалық клубтарда жұмыс істеп, Қытайда да бапкерлік қызмет атқарған.

2001-2006 жылдары Эрикссон Англия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болды. Ол бұл уақытта Фрэнк Лэмпард, Уэйн Руни, Давид Бэкхэм секілді футболшыларды баптаған.