Талғардағы жағдайға байланысты марқұм Шерзаттың әжесі пікір білдірді
Талғардағы трагедияға қатысты әлеуметтік желіде бейнебақылау камерасының жазбасы тараған. Видеоның бас-аяғы түсініксіз.Марқұм Шерзат Болаттың әжесі видеоны әдейі таратқандарын айтады. Немересінен айрылған әже отбасы ешкімінің ала жібін аттамағанын айтып, шерін ақтарды, деп Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шерзаттың әжесі желідегі "видеоны құзырлы орган қызметкерлерінің өзі таратты" деп ащы өкінішін жеткізді.
"Бізді осы дәрежеде қорлайтындай біз не жаздық адамдарға? Біз олардан пиво сұрап, арақ сұрап магазиндеріне барғанымыз жоқ қой. Олар кінәлі адамдар емес пе? Өздері келіп, өздері тиісіп, өздері бастап тұр. Енді заң орындарына адамдары бар адамдар. Сол заң орындарындағы адамдар... Азаматсыңдар ғой сендерде! Сендердің бастарыңа түспей ме, осы күн? Алладан қорықпайсыңдар ма?! Жаратушының жоқ екеніне соншалықты дәрежедегі сенімдеріңе мен таң қаламын. Видео жоқ дедіңдер де қайтадан бөліп-бөліп оны өздеріңе ыңғайлап әр жерін кесіп-кесіп мына жері мынадай болды деп" – дейді әжесі.